08 дек 2021
Страницы Коммунальное государственное учреждение «Карасуская общеобразовательная школа с государственным языком обучения отдела образования Карасуского района» Управления образования акимата Костанайской области

Родителям

Ата-аналар жиналысның хаттамасы

2021 жыл 24 қараша

Күн тәртібі:

  1. «Үндестік» облыстық жобасымен ата-аналарды таныстыру.
  2. "Жыныстық қол сұғылмаушылық "
  3. «Зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы
  4. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету

1-сұрақ бойынша

Қостанай облысының "Үндестік" жобасы ата-аналарға таныстырылып, мектебіміздің ішінде желтоқсан айынан осы жоба аясында негізгі 3 жобаны ұсындық. Бұл жобалардың мақсаты: Ыңғайлы оқу-тәрбие алаңын құруға бағытталған әлеуметтік серіктестік қағидаттары мен шарттары негізінде отбасы мен білім беру ұйымының жүйелі, кешенді, Үйлестірілген әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық ұзақ мерзімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Міндеттері:

  1. Ата-аналарды білім беру ұйымы қызметінің барлық салаларына белсенді тарту.
  2. Ата-аналар білімін тепе-тең негізде ұйымдастыру: педагогтер-ата-аналар, ата – аналар-ата-аналар; отбасын педагогикалық сүйемелдеу (оқыту, консультация беру, тәрбие, ағарту мәселелерінде көмек көрсету және т.б.).
  3. Өзара іс – қимыл нысандарын жетілдіру: білім беру ұйымы-отбасы. Білім беру ұйымының тәрбие процесін ұйымдастырудағы отбасының рөлін күшейту
  4. Балалар мен жасөспірімдердің бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу, отбасыларда салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау
  5. Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға және нығайтуға, олардың әлеуметтенуіне ықпал ететін психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру

Шешімі: Осы жоба аясында мектебімізде 3 жоба жоспарланып жатыр. Мектебіміздегі жаңа жобалар: 1) "Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт"  жобасы аясында "Кітапты сүйіп оқы, Көңілге түйіп оқы" деген атпен педагог ұжымына, ата-аналарға, оқушыларға 1 кітап ұсынылады. Кітапты оқу мерзімі: 2 ай. Содан соң, мектеп қабырғасында барлығымыз жиналып талқылаймыз. "Ашық диалог" алаңынан кейін мәтін бойынша барлығы тестілеу тапсырады. Және жеке-жеке (педагогтер, ата-аналар, оқушылар тобы) марапатталады. 2) "Cooking bar" жобасы. Бұл жоба мектеп оқушыларының аналары мен апайларымызға арналған. Әр аптаның белгілі бір күні барлығымыз жиналып, асханамызда тәттілер пісіруді ұйғардық. Облыстық "Үндестік" жобасының "Coffee Morning" (Кофе-монинг) бағыты аясында іс-шара желтоқсан айынан басталады. 3) "Team building" (Тимбилдинг) бағыты бойынша мектеп оқушыларының ата-аналары мен мектеп ұжымына белгілі бір күні ұйымдастырылатын спорттық іс-шаралар. Барлық жұмыстың жоспары мен кестесі бекітілуде. Жұмыстар желтоқсан айынан басталады.

2-сұрақ бойынша

"Жыныстық қол сұғылмаушылық" тақырыбында әлеуметтік педагог ата-аналарға бейнебаян көрсетіп, жадынама таратты. Жадынама екі тілде жазылған. Және мектеп психологі мен әлеуметтік педагогтердің нөмірлері берілген.

3-сұрақ бойынша

Зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн акциясы бойынша "Біз біргеміз" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: педагогтер мен ата- аналар арасында тығыз байланыс орнату.

Өткізілген тренингтер :

  1. "Біз жайлы мәлімет" ата-аналар мен педагогтар өздерін таныстыру. Жаттығу арқылы қатысушылар бір-бірлері жайлы қызықты ақпараттар білу.
  2. "Қызықты сұрақтар" ойыны . Мақсаты : Ата- аналар балаларын қаншалықты жақсы білетінің тексеру.
  3. "Су толы тәрелке" ойыны. Мақсаты: ата- аналар мен педагогтар арасында өзара түсінушілікті қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларды арттыру.

4-сұрақ бойынша

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін  қызметті электрондық нысанда көрсету «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, көрсетілетін

қызметті алушы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т.б.) қарамастан Интернетке кіруге мүмкіндігі бар болған жағдайда «электрондық үкіметтің» порталы (www.egov.kz) арқылы не ол не бұл мемлекеттік қызметінің көрсетілуіне өтініш бере алады. Бұл тек көрсетілетін қызметті алушының компьютерде жұмыс істеу дағдыларын білуін ғана қажет етеді.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсетудің нәтижесі болып электрондық құжатты немесе қағаз жеткізгіштегі құжатты беру немесе «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінің ішіндегі мәліметтер табылады.

Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін беретін өтініші пайдаланушының сауалы негізінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларымен және стандартымен орнатылады.

Ата-аналарға жадынама (брошюркалар) таратылды.


2021 жылдың 24 қарашасында мектебімізде жалпы ата-аналар комитетінің жиналысы өткізілді.

"Зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы бойынша

"Біз біргеміз" тақырыбында тренинг ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: педагогтер мен ата- аналар арасында тығыз байланыс орнату.

Өткізілген тренингтер :

1. "Біз жайлы мәлімет" ата-аналар мен педагогтар өздерін таныстыру
2. "Қызықты сұрақтар" ойыны . Мақсаты : Ата- аналар балаларын қаншалықты жақсы білетінің тексеру.
3. "Су толы тәрелке" ойыны. Мақсаты: ата- аналар мен педагогтар арасында өзара түсіністік пен қарым- қатынастарын дамыту.

Сонымен қатар, "Жыныстық қол сұғылмаушылық " тақырыбында әлеуметтік педагог ата-аналарға бейнебаян көрсетіп, жадынама таратты.

Қостанай облысының "Үндестік" жобасы ата-аналарға таныстырылып, мектебіміздің ішінде желтоқсан айынан осы жоба аясында негізгі 3 жобаны ұсындық. Бұл жобалардың мақсаты: білім беру ұйымына ата-аналарды белсенді тарту. Мектебіміздегі жаңа жобалар:

1) "Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасы аясында "Кітапты сүйіп оқы, Көңілге түйіп оқы" деген атпен педагог ұжымына, ата-аналарға, оқушыларға 1 кітап ұсынылады. Кітапты оқу мерзімі: 2 ай. Содан соң, мектеп қабырғасында барлығымыз жиналып талқылаймыз. "Ашық диалог" алаңынан кейін мәтін бойынша барлығы тестілеу тапсырады. Және жеке-жеке (педагогтер, ата-аналар, оқушылар тобы) марапатталады.

2) "Cooking bar" жобасы. Бұл жоба мектеп оқушыларының аналары мен апайларымызға арналған. Әр аптаның белгілі бір күні барлығымыз жиналып, асханамызда тәттілер пісіруді ұйғардық. Облыстық "Үндестік" жобасының "Coffee Morning" (Кофе-монинг) бағыты аясында іс-шара желтоқсан айынан басталады.

3) "Team building" (Тимбилдинг) бағыты бойынша мектеп оқушыларының ата-аналары мен мектеп ұжымына белгілі бір күні ұйымдастырылатын спорттық іс-шаралар. Барлық жұмыстың жоспары мен кестесі бекітілуде. Жұмыстар желтоқсан айынан басталады.



Жалпы осы бір ай көлемінде тиісті ақпараттарды алып отырмыз. Жоспар бойынша қазан айында мектептер мен ұжым туралы ақпарат алмасып танысу мақсатында презентациялар көрсетілді. «Білім-инновация лицейі» өз мектебінің ерекшеліктерімен бізді таныстырды. Атап айтсақ , біздің де мектеп қабырғамызда осындай ерекшеліктерді енгізуге кірістік:

  1. Оқу жылының әр айы тәрбиеге баулу керек. Мысалы, қазан айы мектепте «денсаулық айы» деп танылды. Барлық мұғалімдер мен оқушылар , техқызметкерлер осы құндылықты басты назарға аударып, жақсы істер жасауға, денсаулық туралы мәлімет, спорттық жарыстиар ұйымдастырылды. Қараша айы «Патриот айы» болады деп келістік. Сондықтан патриотизм туралы түрлі мысалдар, «Оқуға құштар-мектеп, оқуға құштар - ұлт» жобасы аясында елге деген, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында түрлі шығармалар оқытылуда, бейне баяндар көрсетілуде.

 

2.«Кітап оқу» ....   Мектебімізде желтоқсан айынан бастап, жаңадан жоба енгізілейін деп жатыр « Кітапты сүйіп оқы, Көңілге түйіп оқы». Мақсаты: оқушылармен қатар, ата-аналар, ата-әжелер, мектептің барлық қызметкерлеріне белгілі кітап беріледі. Кітаптың және шығарманың атауы таңдалып, өңделіп жатыр. Бұл шығарманы оқуға екі ай уақыт береміз. Яғни ақпан айының басында барлық кітап оқыған қатысушыларды жинап, тест сұрақтарын үлестіреміз. Және жеке-жеке ата-аналар, оқушылар, мектеп ұжымы арасынан жеңімпаздарды анықтап марапаттаймыз. Бұл не үшін? Ата-аналар мен оқушылардың байланысы, ортақ қызығушылығын арттыру, ата-аналарды мектеп өміріне тарту.

 

 

Новости
Полезные информационные ресурсы