08 дек 2021
Страницы Коммунальное государственное учреждение «Карасуская общеобразовательная школа с государственным языком обучения отдела образования Карасуского района» Управления образования акимата Костанайской области

Воспитательная работа


Биылғы 2021-2022 оқу жылына арналып мектебіміздің жылдық тәрбие жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы негізінде құрылып, жүйелі жұмыстар атқарылды. Тәрбие жұмысы негізгі сегіз бағыт бойынша жоспарланды:

I. Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасы ету
ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету
ІII. Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар

1.Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
2.рухани -адамгершілік тәрбие;

3.ұлттық тәрбие
4.Отбасылық тәрбие
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6.Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
7.Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие
8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Тәрбие  жұмысының мақсаты:

Оқушылардың рухани- адамгершілік  қасиеттерін, Қазақстандық  патриотизмді  және «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын  өмірінде  жүзеге асыру ұмтылысын қалыптастыру, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайында  толеранттылықты  және   қарым – қатынас  жасау  біліктілігін дамыту

Мектепте 11 сыныпқа сынып жетекшілері, мектепалды даярлық тобына тәрбиешілер тағайындалды:

Мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері - Шайкина А.Е., Токубаева Н.Ж.;

1 сынып- Болатбаева Г.Қ.;2 сынып-Серікбаева А.Ж.;
3 сынып-Рахимжанова С.А.;
4 сынып-Суиндикова Н.М.;
5 сынып-Хамитова А.Қ.;
6 сынып-Айтбаева А.Е.;
7 сынып-Байдрахманова М.А.;
8 сынып-Құрбан Ф.Д.;
9 сынып-Сақбаев Н.Б.;
10 сынып-Жаугашева А.А.;
11 сынып-Хусаинов Б.Б.

Сынып жетекшілердің жоспарлары (тәрбие жұмысы, Рухани жаңғыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, ЖЖЕ (1-8 сынып арасында) экологиялық тәрбие)  сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің отырысында бекітілді.

Сынып жетекшілерден басқа әлеуметтік педагог, педагог-психолог, кітапханашы және аға жетекші тағайындалып жұмыс жоспарлары бекітілді.

Әлеуметтік педагог-Қалиев О.Б.;
Педагог психолог-Байдрахманова М.А.;
Кітапханашы- Қайбұлда Ә.Ж.;
Аға  жетекші-Хамитова А.Қ.
    
Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты мектеп циклограммасын ұстанбаймыз, бірақ әр дүйсенбі сайын бірінші сабақта оқушылар ҚР Гимнің орындайды.

Биылғы 1 қыркүйек «Білім күнімен» тұспа- тұс Қарасу ауданы Қарасу ауылының қақ ортасында жаңа, заманауи мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебіміз ашылды. Бұл күнді асыға күттік! Білім ордасында барлық кабинеттер жабдықталған! Оқушыларға барлық мүмкіндіктер жасалған. Ашылуына қадірменді қонақтар келген болатын. Қостанай облысы әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамедов Қарасу тұрғындарына, мектеп ұжымына, оқушыларына жүрекжарды тілегін білдірді. Биыл жаңа мектебіміздің табалдырығын 1-сыныптың 15 оқушысы, мектепалды даярлық тобының 18 тәрбиеленушісі аттады. 1-сынып оқушыларына 8-10 сынып оқушылары алғашқы оқулықтарын «Әліппені» табыстады. Ескі дәстүр бойынша «бірінші қоңырауды» 10-сынып оқушысы Темірғали Ратмир мен 1-сынып оқушысы Байжанова Анель соқты. 


Күні кеше 1 қыркүйек "Білім күнімен" тұспа- тұс Қарасу ауданы Қарасу ауылының қақ ортасында жаңа, заманауи мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебіміз ашылды. Бұл күнді асыға күттік! Білім ордасында барлық кабинеттер жабдықталған! Оқушыларға барлық мүмкіндіктер жасалған. Ашылуына қадірменді қонақтар келген болатын. Қостанай облысы әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамедов Қарасу тұрғындарына, мектеп ұжымына, оқушыларына жүрекжарды тілегін білдірді. Биыл жаңа мектебіміздің табалдырығын 1-сыныптың 15 оқушысы, мектепалды даярлық тобының 18 тәрбиеленушісі аттады. 1-сынып оқушыларына 8-10 сынып оқушылары алғашқы оқулықтарын "Әліппені" табыстады. Ескі дәстүр бойынша "бірінші қоңырауды" 10-сынып оқушысы Темірғали Ратмир мен 1-сынып оқушысы Байжанова Анель соқты. Сонымен қатар, жалпы мектеп ата-аналарымыздың атынан 1-сынып оқушысы Турехан Нұрисламның әкесі Есімхан Төреханұлы Токубаев алғыс және ризашылық сөздерін білдіріп, аудан тұрғындарының атынан мектебімізге ұлы ағартушы, алғаш мектеп ашқан жерлесіміз , биыл 180 жылдығын атап жатқан Ы.Алтынсариннің есімі берілсе екен деген ұсыныс айтқан болатын. Мектеп ұжымына шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз. Оқушыларымызға қызықты сабақтар, тамаша бағалар тілейміз! Ата-аналарымызға шыдамдылық тілейміз! Мектебіміздің босағасы берік, керегесі кең болсын!


Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке 30 жылда қалай жеткендігі жолдарын баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында 2-10 сыныптар арасында 1 қыркүйекте Бiлiм күніне арналған тәрбие сағаттары өткізілді:

2-4 сынып- «Кел балалар оқылық»;

5-11 сынып ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы.


Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу мақсатында қырқүйек айының алғашқы жексенбісі «Отбасы күніне» арналған құттықтаулар болды. Бастауыш сынып оқушыларының арасында «Отан отбасынан басталады» атты тақырыбында  суреттер сайысы өткізілді.


Бүгін елімізде атаулы мереке " Отбасы күнімен" құттықтаймын!

Әр шаңырақта тәрбиеленіп жатқан ертеңіміз,үкілеген үміттеріміз жанұя шуағына бөленіп, отбасы құндылықтарын бойына жинап ер жетсін!

Әулеттеріңізге, ырыс - дәулет пен береке бірлік тілеймін!

Ізгі тілекпен

Гульнара Кабиқызы

 


"Отан-отбасынан басталады"

«Отан отбасынан басталады» деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен етене жақын болсақ, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ


Қыркүйек айының 23 –ші күні мектебімізде Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымының Мектеп Ұланбасына сайлау өткізілді.

Мектеп Ұланбасына төрт үміткер өз кандидатурасын ұсынды:

1. Кужабаева Томирис Тамирқызы 8-сынып

2. Зейнел Гауһар Бахтиярқызы 7-сынып

3. Темірғали Ратмир Мақсутұлы 10-сынып

4. Абдықалық Даниел Қожағұлұлы 10-сынып

Сайлау барысында үміткерлер тарапынан ешқандай құқық бұзушылық орын алған жоқ. Сайлау комиссиясының мүшелері алдын ала тағайындалған. Олар: мектеп директорының ТІЖ орынбасары Токубаева К.Т, педагог-психолог Байдрахманова М.А. Сайлаудың әділетті өтуіне комиссия мүшелері жауапты болды. Сайлау қорытындысы бойынша Қарасу мемлекттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептің Ұланбасы болып 8 сынып оқушысы Кужабаева Томирис тағайындалды.


«1 қазан - Халықаралық қарттар күні». 1 қазанды біз жылы және жүрекжарды мереке ретінде атап өтіп, қарттарға деген жылылықты сезінеміз. Бұл күні бәріміз сіздерді қастерлеп, құрмет көрсетіп жатамыз, десек-те бұндай құрмет сіздердің ерен еңбектеріңіз бен адамгергершілік және даналық қасиеттеріңіздің қасында азғантай ғана үлесіміз болып табылады. Аға буындар және бүгінгі ұрпақтарыңыз сіздердіңтеңдесі жоқ ерлік істеріңіз бен отансүйгіштіктеріңді мақтан етеміз. 


Мұғалімдер күніне орай дүблер күні ұйымдастырылып өткізілді. Осы күні 8-11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Тәңертеннен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде галстук тағып осы күнді қызықты да, мазмұнды жетіп көрсетуге тырысты. Күн мұғалімдерді күтіп алудан және құттықтаудан басталды. Ұстаздар қауымын құттықтау үшін «Жас Ұлан» ұйымы музыкалық және құттықтау ашық хатын дайындап мұғалімдерді құттықтады. Дублер күні - бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады. Күн қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп, әр қайсысы өз пікірлерімен бөлісті және мұғалім болу тек қана қиын емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді.


Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебінде мұғалімдер күніні орай дүблер күні ұйымдастырылып өткізілді. Осы күні 8-11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Тәңертеннен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде галстук тағып осы күнді қызықты да, мазмұнды жетіп көрсетуге тырысты. Күн мұғалімдерді күтіп алудан және құттықтаудан басталды. Ұстаздар қауымын құттықтау үшін «Жас Ұлан» ұйымы музыкалық және құттықтау ашық хатын дайындап мұғалімдерді құттықтады. Дублер күні - бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады. Күн қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп, әр қайсысы өз пікірлерімен бөлісті және мұғалім болу тек қана қиын емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді. 


Құрметті ұстаздар!

" Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға " - деген ұлы Абай бабамыз .Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейіл мен алғыс айта отырып, " Ұстаздар күні " мерекесімен сіздерді құттықтаймыз. Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.

1 сынып оқушылары


Алтын күз мерекесіне арналған  м/а тобы, 1-11 сынып оқушылары арасында «Алтын күз байлықтары»  атты көрме ұйымдастырылды. Белсенді қатысқан м/а тобы және бастауыш сынып оқушылары.


"Алтын күз байлықтаы" көрме

Новости
Полезные информационные ресурсы